Ақмола облысында ер адам көлігімен абайсызда ұлын басып кетті


Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша қайғылы оқиға 20 маусым күні Шортанды кентінде орын алған.

«35 жастағы ер адам «Ауди С7» көлігімен үй ауласынан шегініп шықпақ болып, арт жақта жүрген баласын басып кеткен. Аудандық ауруханаға жеткізілгенімен 8 жастағы ер бала алған дене жарақатынан көз жұмды.Қазіргі кезде, баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, ҚР ҚК 345- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.