Ақмола облысында ер адам қарда қатып көз жұмды

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Ақмола облысында қар арасынан  тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адамның өлі денесі табылды деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.


1943 жылы туған үйсіз-күйсіз ер адамның денесі Бурабай ауданындағы Щучинск қала маңында қар арасынан табылған.  Бастапқы мәлімет бойынша, ер адамның қазасына ағзаның қатты тоңазып кетуі себеп болған. Сараптама тағайындалды.