Ақмола облысында ер адамды өлтірген әйел 9 жылға сотталды

Сот анықтағандай, азаматша З. бірге тұратын азаматтық некедегі ер адаммен спирттік ішімдік ішкен. Спирттік ішімдік ішу барысында, екеуінің арасында жанжал туындайды, азаматша З. ас пышағымен ер азаматтың жүрегіне соққы берген. Алған дене жарақатынан ер адам сол жерде қайтыс болды.

Сот үкімімен, азаматша З. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде («Адам өлтiру») көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеумен тоғыз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне еңген жоқ.