Ақмола облысында иіс тиіп уланған әйел көз жұмды


Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД мәліметі бойынша қайғылы жағдай қазаның 9-ында күндізгі сағат 11-лер шамасында Сандықтау ауданының орталығы Балкашино селосындағы жекеменшік үйлердің бірінде орын алған. Бұл туралы аудандық өрт сөндіру бөліміне аудандық ІІБ-нің аға тергеушісі, полиция капитаны А.Галиева хабарлаған. Кейін белгілі болғандай, қайтыс болған азаматшаның 1963 жылғы Натальи Завялова екені анықталды.