Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен Қорғалжын қорығы қызметкерінің денесі табылды

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук мәлім етті.

«Қорық қызметкерінің денесі бүгін түске дейін іздеу тобымен аудан орталығынан 65 шақырым жердегі көлдің қамысының арасынан табылды. Туыстары марқұмның денесін бірден таныды. Қазір кезде сол маңда жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Әзірге нақты ақпарат айта алмаймыз», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Еске сала кетсек, қазанның 26-сы күні Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының Каражар стансасындағы Сұлтанкелді көлінде 1986 жылғы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері жоғалып кеткен. Қорық қызметкерін іздеу мақсатында аудандық ІІБ қызметкерлері, құтқарушылар және туған-туыстарынан құралған іздеу тобы құрылған болатын.