Ақмола облысында кәсіпкер әйелдің үйі тоналды

Маска киген екі ер кісі жұмаға қараған түні кәсіпкер әйелдің үйіне баса көктеп кіріп оны күйеуімен қоса соққыға жығып, 27 мың теңге мен 2 млн теңгенің алтын бұйымдарын алып кеткен. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі кезде кәсіпкер әйелдің күйеуі бас сүйегінен жарақат алып ауруханада жатыр.


Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.