Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
ТЖД мәліметі бойынша, қайғылы жағдай сәуірдің 7-і күні түнгі сағат 00:35 минут шамасында болған. Жолымбет кенішінің "Центральная" шахтасында 720 ендікте 1983 жылғы бұрғылаушы абайсызда бұрғылау станогіне құлап, алған дене жарақатынан сол жерде жан тәсілім еткен.