Ақмола облысында көлік пойызбен соқтығысып, үш адам қайтыс болды

Зардап шеккендер бар деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, 20 ақпанда 46 жастағы Новокубанка ауылының тұрғыны басқарған Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан.

"Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы көз жұмды: 1975 жылы туған әйел және 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды", – деп қосты полиция.


Алдын ала анықталғандай, минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына теміржол жолымен жүріп өткен.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.