100 жылдық мерейтойы қарсаңында бой көтерген мүсіннің биіктігі 3 метр. Бетоннан қашалған. Зеренді кенті –Мәлік Ғабдуллиннің туған жері. Қазақ ғылымында өзіндік із қалдырған, кешегі қан майданда Ұлы Отан соғысында өшпес ерлігімен танылып, батыры атанған қазақтың Мәлігінің есімі бүгін тағы жаңғырды. Батырдың бейнесі нақ сомдалып жасалып, халқына ойлана көз тастаған келісті келбеті оның туыстарына да ұнады.
Майдан Мәлікқызы, М.Ғабдуллиннің қызы:
- Ол менің әкем ғана емес, барлық қазаққа ортақ. Азаматтарға көп рахмет. Үкіметке дейін өтініш білдіріп, бір ескерткіш қоюын сұрап, көп жыл күтіп жүрдім.