Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Щучье ауданында Астана-Петропавловск тас жолының 225-ші шақырымында 4 -шілдеде 16 сағат 45 минутта "МАЗ" автокөлігінің жүргізушісі жолдың жиегінде тұрған "ВАЗ-21213" көлігін соқты. "Бұдан кейін көліктің тізгініне ие бола алмай қалған ол жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "Вольво" автобусымен соғысты, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, автобуста 42 жолаушы - 40 бала мен олармен бірге жүрген Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы "Сокол" балаларды сауықтыру лагерінің екі тәлімгері болған. Олар Степногорск қаласына бет алған. "Жол апаты салдарынан балалар зардап шеккен жоқ, "МАЗ" бен "Вольво" жүргізушілері түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті