Ақмола облысында мектепте будың шығуынан қазандық шатыры қираған

"Сақтандырғыш клапанының істен шығуы салдарынан ауыл мектебін жылумен қамтамасыз ететін қазандықтардың бірі жарылған.  Осының нәтижесінде жылу қазандығы ғимаратының шатыры (аумағы 9 шаршы метр) қирады",-деп ақпараттандырды ТЖД-дан.

Агенттікке хабарлаушының айтуынша, қазандық мектептен қашықта орналасқандықтан оқу процесіне еш кедергі келтірген жоқ. Мектепте ауа температурасы қалыпты.


Қазіргі кезде, төтенше жағдай ауыздықталды.