Ақмола облысында мешітті тонап кеткен күдіктілер іздестірілуде

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, Ақкөл аудандық ішкі істер басқармасына  қалалық мешіттің бас имамы жүгенген. Оның айтуынша,  мешіттің терезесі арқылы ішке енген күдіктілер арнайы жәшіктің ішінен қайырымдылық ретінде салынған ақшаны қолды қылған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі «ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-іздестіру шарасы қолға алынуда. Сондай-ақ,  ұрланған қаржының көлемі анықталуда.