Ақмола облысында орманда келіншек аяздан үсіп қаза болған


Ақпаратқа қарағанда, Щучинскі қаласының тұрғынын  Бармашы орман шаруашылығының 220-ші кварталынан орманшы тауып алған.
Денесінен ешқандай зорлық белгілері байқалмаған. Ол үсіп өлген болу керек, деді полициядан. Тергеушілер келіншектің орманда не істеп жүргенін және онда не үшін барғандығын анықтауда.