Ақмола облысында өрт 65 жастағы ер адамның өмірін қиып кетті

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша өрт 29 қазан күні кешкі уақыт 21:49 шамасында Бурабай ауданының Новоалександровка ауылында болған.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 10 және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1950 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі  кезде өрттің шығу себебі анықталуда» деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.