Ақмола облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балкашино ауылы Киров көшесінде 10 тамызда сағат 10.08-де жай үйде 52 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Өрт салдарынан үш адам мерт болды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының көмегімен 11 сағат 32 минутта сөндірілді.