Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қыркүйек күні Есіл аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне ЖШС аумағында ер адамның өлі денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Полиция марқұмның Знаменка ауылының 52 жастағы тұрғыны, серіктестік директоры екенін анықтады.
Алғашқы мәліметтер бойынша, зардап шегушінің оқ жарақатынан көз жұмғаны анықталды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, арнайы жедел топтар құрылды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.