Ақмола облысында қоймадан шыққан өрттен 190 тоннаға жуық дәнді дақылды күйік шалды


Өрт күндізгі сағат 14:00 шамасында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД жеке құрамынан 20 адам және өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы, Невское селосындағы  ЕӨЖ 1 техникасы мен 20 адам тартылды. Өрттің салдарынан коймадағы дәнді дақылдарға (44,880 тонна бидай және 144,880 тонна күнбағыс) зиян келген.