Жүздеген құтқарушы күні-түні Нұра өзенінің жағалауын қырағы күзетке алды. Себебі су Астананың шетіндегі ондаған ауылды басып жатыр.Жалпы алапат тасқыннан ел бойынша, екі жарым мыңнан астам үй қираса, 200-ге жуық автомобиль жолдарын су шайып кетті. Қазір мемлекеттік комиссия бірнеше аймаққа келтірілген шығынды есептеуде. Оның көлемі аз болмасы анық. Ал құтқарушылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Өйткені тасып жатқан Нұра өзені әзірше тыншыр емес.
Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлім бастығы:
-Қарағандыдан келген суды ешкім тоқтата алмайды. Даламен келе жатқан су.Бірақ алдын-ала инертті материалдармен қаптар төселіп дамбалар салынып жатыр.
Loading...