Ақмола облысында "Қазақалтын" шахтасында кенші қайтыс болды


«Қазақалтын» тау-металлургиялық комбинатының шахтасында бұрғылаушы қайтыс болды.
Төтенше жағдай Центральная шахтасында 720 метр жерде болған. Бұл туралы  облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Облыстың Шортанды ауданы әкімдігі мәлімдегендей, 32 жастағы ер кісіні бұрғылау станогы тартып кеткен. Ол алған жарақатынан көз жұмған.
Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде.