Ақмола облысында ресейліктер мінген минивэн көлігі аударылып, 4 адам қаза тапты


Аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, жұма күні «Пежо» маркалы минивэн Алматы-Екатеринбург тас жолының 1320-шы шақырымында Ижевск ауылы маңында ауып қалған.
Полиция дерегіне сүйенсек, Челябинск облысының 16 тұрғыны мінген көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған көрінеді.
1965 жылы туған ер адам сол жерде, тағы үшеуі ауруханада көз жұмды. Түрлі деңгейде жарақат алған 12 ресейлік азамат ауруханаға жеткізілді.