Ақмола облысында шаруа заңсыз алтын өндірумен айналысқан

Ол шаруашылық аумағында алтын қосындысы бар құм қиыршықтарын шайып, оны өңдейтін астыртын цех ашыпты. Тінту кезінде кабинетіндегі сейфінен 6 дана алтын құймасы шыққан. Жалпы салмағы 1 келі. Сондай ақ, кен орындарында қолданылатын 70 дана «аммонит»жарылғыш заты  табылды. Бұдан бөлек үйінен 1 млн ресей рублі мен 1 мың доллар табылды. Шаруаның «Оса» тапаншасы мен «Хугла» мылтығы да бар екен. 

Loading...