Ақмола облысында сиырын іздеп шыққан тұрғынның өлі денесі табылды

Жалғыз тайыншасының соңынан шыққан Өміржан Қанапиянов ауылдан 5 шақырымға дейін ұзап кетіп, орман ішінде үсіп өлген. Ал сиыры жоғалды деген күні кешкілік өзі оралыпты. Ауылда байланыс болмаған соң туыстары оның жоғалғаны жайлы хабарды құтқарушыларға келесі күні берген екен. Бір көзінен айрылған, денсаулығы нашар ақсақал желмен ығып, жүре бергенге ұқсайды. Бүгін оны ауылдастары жер қойнына тапсырды.

Loading...