Ақмола облысында «сынбайтын» пима шығарылады

«Өнерліге өріс кең» дегенді жиі айтатын Ақайдар Дайыров пима тігу ісін жетік меңгерген жан. Үйінің қасынан шағын цех ашып, арнайы құрылғы сатып алған. Енді оған өзі ойлап тапқан жаңалықты енгізіп, жұмыс қарқынын жылдамдатып отыр.

Екінші жаңалығы, пима басуға арналған ыстық суды пеш арқылы қайта пайдаланып дайын өнімді кептіруге қолданған. Сондай-ақ, осы пешпен цех ішіне де толық жылу беріп тұр. Ал, бұған дейін пима кептіруге жанармай немесе электр қуаты жұмсалған екен. Ол қосымша қаржыны талап еткен.


Шағын цехта күніне екі-үш жұп киіз аяқкиімдер басылады. Бағасы да келісімді. Содан болар алыс ауылдардан да арнайы тапсырыстар түседі екен. Бастысы, бір отбасы осы іспен нәпақа айырып отыр.

«Мемлекет қолдау білдіріп, субсидия бөлсе, шағын цехты үлкейтіп, пима зауытын ашуға мүмкіндігім бар»,-дейді кәсіпкер. Өйткені, қысы суық солтүстік аймаққа қажетті бұл аяқкиімдердің 85 пайызы Ресейден келеді екен. Оның үстіне пима тігуге қажетті шикізат қой жүні ауылдан-ақ молынан табылады.