-Менің ту сыртымда тас талқаны шыққан жерде Сандықтау тауларының бірі болған.Табиғат қолынан жасалған әсем Көкшенің бір бұрышын аяусыз талқандап жатыр деп шырылдайды тұрғындар. Бірақ өкінішке қарай оған селт етер жан жоқ.
-Радиациядан басымыз ауырады. Күн сайын жаралыс...
Алып техника ауылдың дәл ортасындағы жасыл желек көмкеріп тұрған бұқпа тауды тоқтамастан қопарып жатыр. Жәй қопарып жатқан жоқ, тапа тал түсте жарылыс жасап, жұрттың зәресін ұшыруда. Шаң жұтып, ала таңнан кешке дейінгі тоқтаусыз шудан мең-зең болған тұрғындар бұдан арғыға шыдай алмаймыз дейді.
Зоя Васильева, Каменка ауылының тұрғыны:
-Ленинград блокадасы сияқты бұл. Біз олардың тұтқындарымыз. Қайда барамыз енді? Ағаш көмкерген керемет тау еді. Соны құртты. Күн сайын жарылыс, үйіміз дірілдейді.
Сандықтау деп тегін аталмаған бұл жер. Қыздың жиған жүгіндей, ежелден жықпыл-жықпыл тастарымен ерекше көз тартып тұрады. Ал гранит тасқа қызыққан компанияның бұл әсемдікке жаны ашып жатқан жоқ. Тұрғындар болса тау қыртысынан бөлінген радиациядан улануда.
- Шешемді бүгін онкологиялық ауруханаға алып кетті. Адамдардың көбі рак. Қызым мүгедек боп қалды. Күнде талып жатыр.
Таудың тасын Астанаға жөнелтіп жатқан жеке кәсіп елерінің пікірі мүлдем басқа. Қолдарында заңды құжаттары бар.
-Айналайын, ауру қылдың ғой бізді
- Директор: Түсінем, түсінем барлығыңызды
- Рұқсатымыз бар біздің.
Тұрғындар бұған дейін аудан, облыс басшыларына, экологтарға тегіс шағымданған. Бірақ Каменка ауылындағы 1300 адамның тағдыры әзірге ешкімді алаңдатып отырған жоқ.