Мекеме ақпаратына сәйкес, 45 метрлік темір жол төсеніші Тасты-Талды - Боранкөл өткелінің 144-ші шақырымында Тасты-Талды өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан су ішінде қалған.
"Соның салдарынан Арқалық пен Астана арасында қатынайтын жолаушылар тасымалдаушы №603 поезд пен Арқалық пен Қостанай арасында жолаушылар тасымалдайтын №621 поезд Тасты-Талды станциясынан кешігіп жолға шықты",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Мекеме ақпаратына сәйкес, темір жол төсенішін қалпына келтіру жұмыстары сейсенбі күні 2 сағат 10 минутта аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті