Ақмола облысында теміржол бойында 13 жасар мектеп оқушысын тоқ соқты


Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Зардап шеккен оқушы 2002 жылы туған Регина Бигаринова, Шортандыдағы №2 орта мектептің оқушысы. Денесінің 82 пайызын күйік шалған қызды теміржол жұмысшысы А.Шустов маусымның 13-күні кешкі сағат 21:30 минут шамасында көріп қалған. Теміржолшының шақыртуымен келген жедел жәрдем қызметі зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Шортанды аудандық ауруханасына алып кетті», - деп көрсетілген хабарламада.