Ақмола облысында тікұшақтың жерге қонғаны түсірілген видео жарияланды

КТК телеарнасының мәліметі бойынша, орман өртін көктен бақылауға шыққан МИ-2 тікұшағы апатқа ұшырады. Құдай сақтап адам шығыны жоқ. Бірақ үш экипаж мүшесінің бірінің денесін қатты күйік шалып ауруханаға жеткізілген. Ұшақтарын ақшаға жалға берумен айналысатын "Тянь-Шань" компаниясы болса үнсіз. Ал әуе кемесінің тіпті түнде ұшуға рұқсаты болмаған.