Ақмола облысында тұрғындар әлі естерінен танып құлап жатыр

Беймәлім дертке шалдыққандарды ұйқы қысып әлсірей бастаған.  Қазір ауруханада жатыр. Өмірлеріне төнген қауіп сейілген.   Айта кетсек, бұған дейін де, Калачидің 20-ға жуық тұрғынын  ұйқы басып кейін  естерін  реанимацияда бір-ақ жиған еді. Жұрт мұны «радиацияның кесірі» деп отыр. Себебі ауылға жақын жерден кезінде уран өндірілген. Алайда, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова кеселді  онымен байланыстырғысы жоқ.  Белгісіз дерттің себебін білу үшін Қарағанды мен Семейдің ғалымдары да тартылған. Бірақ нақты  диагноз қоя  алмағандықтан, ресейлік әріптестерінен көмек сұрауға мәжбүр болып отыр.


Талғат Молдағалиев, Радиациялық медицина мен экология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары
:

-Томскіден әріптестер шақырылды. Олардың тәжірибесі мол. Алдын- ала болжап айту қиын, бірақ нәтиже болады деп сенеміз.