Ақмола облысында ҰҚК қызметкерлері Степногорск қаласының екі тұрғынынан 20 килограмм аммонит жарылғыш затын тәркіледі

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, күдіктілер жарылғыш затқа жататын «Аммонит-6ЖВ» атты 80 оқты заңсыз сатпақ болған жерінен қолға түскен.

Тұтқындар жарылғыш заттарды “Қазақалтын” АҚ-ында жарғыш болып істейтін Степногорск қаласының тұрғынынан сатып алғанын хабарлаған.

Оның тұрғылықты жерінен қосымша 150 метр детонациялық жіп табылып тәркіленді.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.