Мәйіттерге жүргізілген тексеру қорытындысы көрсеткеніндей, үш әйел де үсіп өлген. 56, 43 және 32 жастағы әйелдер өзара туыс көрінеді.
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Вадим Прангенің хабарлауынша, әйелдердің денесінен дәйекті тексеру кезінде тілік іздері мен басқа да жарақаттар табылған. В.Прангенің пікірінше, әйелдерді жүріп келе жатқан көліктен лақтырып жіберген сыңайлы. "Үш әйелдің де қанынан спирт табылды",- деді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы.