Ақмола облысында жалақы алмаған құрылысшылар шу шығарды

Мына 30 шақты құрылысшы Зерендіде бірнеше көпқабатты үйді тұрғызыпты. Бірақ соңғы істеген компаниялары ақыларып жеп, сандалтып қойған. Салған үйлері мемлекеттің тапсырысы екен. Сондықтан жалақыны жейді деген ой ешқайсына келмегені анық.

Светлана Шварц,құрылысшы:

-Компания басшысы бізбен мүлдем сөйлеспейді. Көріп қалса қашады,не естімеген болады. Жұмысты аяқтадық. Мына тұрған құрылысшылардың барлығының отбасы бар. Шыдам таусылды. 4 ай бір тиынсыз жүрміз.

Не істерін білмеген жұмысшылар осылайша сабылып жүр. Ал үй әлдеқашан толық бітірілуі тиіс еді.

-Жылдап кезекте тұрған зеренділіктерге бұл үй жаңа жылға дейін берілуі керек болатын. Бірақ мердігер компания асығар емес. Қазір мердігерді қарызын сұраған құрылысшылармен бірге әкімдіктегілердің өздері таба алмай жүр.

Жанатбек Қалабаев, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары

-Жаңадан келгем мен. Бірақ, шешеміз ғой.

Жұмысшыларға 3 жарым млн теңге берешек «Элеватормельмонтаж» серіктестігінің кеңсесін еш қиындықсыз өзіміз-ақ таптық. Кабинетінде жайбарақат отырған директор Илья Бабаринов камераны көріп ыршып түсті.

-Тарт камераңды. Өшір.

Аудандық құрылыс бөлімі тиісті 130 миллион теңгенің 124 миллионын мердігерге төлеп қойған. Осынша қаржыны қайда жұмсағанын жөндеп түсіндіре алмаған Бабаринов жалақыны қашан төлейтінін де айтпады. Ал құрылысшылар енді құзырлы орындардан ғана қайыр күтіп отыр. 

Loading...