Ақмола облысында жоғалған оқушының күйіп қалған денесі табылды

Атбасар АІІБ-іне төртінші қаңтар күні кешке 2001 жылы туылған баланың ата-анасы хабарласты. “Оқушы күндіз сырғанаққа кеткеннен үйге оралмаған. Полиция іздеуді бастағанда, теміржол жолдарында баланың күйіп қалған денесі табылды. Жасөспірімнің денесінде тоқ соғу белгілері бар”, — деп мәлімет берді полиция.


Бастапқы берілген деректер бойынша, оқушы вагондардың арасынан өтемін дегенде электр желісін жанап кеткенге ұқсайды. Нәтижесінде қатты тоқ соғып, сол жерде көз жұмған. Сараптама тағайындалды.