Ақмола облысында жоғалып кеткен 2 жасар қызды 60 адам іздестіруде


Бұл туралы Today.kz хабарлайды. Қазір бүлдіршінді іздеуге ІІД қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған. Белгілі болғандай, кішкентай Эллинаның ата-анасы өзен жағасына балық аулап, демалыс уақытын өткізуге келген. 2 жасар бүлдіршін анасының қолында болған. Анасы қызын кетуге жиналып жатқан кезде автокөлік салонына отырғызып, өзі жүксалғышқа заттарды сала бастаған. Сол аралықта Эллина жоғалып кеткен. «Оқиға орнында кешкі уақыттан бастап криминалистер, ТЖ қызметі жұмыс істеп жатыр. Қазір құтқарушылардың екінші легі келіп жетті. Сүңгуірлер бригадасы таңнан бастап өзен түбін тексеріп жатыр. Криминалистердің айтуынша, балақай өзенге құлап кеткен болуы мүмкін», - дейді еріктілер. Ақмола облысы ІІД-нің хабарламасы бойынша, іздеу операциясына 60 адам жұмылдырылған. 2 жасар Эллинаның үстінде байқайтпайтын түстегі күртеше, қызыл баскиім және қызыл түсті бәтіңке болған.