Жол апаты ақпанның 9-ы күні таңғы уақыт 08:49 минут шамасында «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 1340-шақырымында орын алған. Қарағанды қаласына бағыт алған «Опель вектра» жеңіл көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «КамАЗ» жүк көлігіне соқтығысқан. Қатты соқының салдарынан бірінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде жан тәсілім еткен. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.