Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

ТЖМ мәліметінше, "Екатеринбург - Алматы (1320 шақырым) тас жолының бойында Ақмола облысының Аршалы ауданында 20 мамырда 19 сағат 45 минутта "ФАФ" автокөлігінің жүргізушісі басып озамын деп "Тойота" автокөлігімен соқтығысты, ал ол қарсы бағытта келе жатқан Қарағанды облысы ІІД жол полициясы басқармасының "ВАЗ-2110" патрульдік көлігімен соғысқан, соңғысы Астанадан Қарағандыға бет алған балалар отырған үш автобуспен еріп келе жатқан".

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.