Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмып, бесеуі зардап шекті


Бұл туралы «Қазавтожол» хабарлайды.

«Жол апаты 31 қаңтар күні кешкі уақыт 20:45 минут шамасында Аршалы ауданы аумағы арқылы өтетін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының  1308-ші  шақырымында орын алған. Жолдың қарсы бағытына шығып кеткен «Лада Приора» көлігі «Тойота Сиенна» көлігімен соқтығысқан. Осының салдарынан алғашқы көліктің 1986 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ,  тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деп көрсетілген хабарламада.