Ақмола облысында жол апатынан 2 адам ажал құшты

«Жол апаты «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тас жолының 14 шақырымында орын алды. Атбасар қаласына қарай бет алған «Мерседес-Бенс-Спринтер» көлігі «Лада-Приора» көлігіне соғылған.

Салдарынан соңғы көліктің жүргізушісі оқиға орнында ажал құшты. Сондай-ақ,  оның жолаушысы әйел адам Жақсы аудандық ауруханасында ес жимастан көз жұмды.

Ал, «Мерседес-Бенс-Спринтер» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі дәрігерлердің қарауынан кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.


Қазіргі кезде, ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып,  тергеу амалдары жүргізілуде», деп көрсетілген хабарламада.