Ақмола облысында жол апатынан 3 адам зардап шекті


Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жол апаты 23 желтоқсан күні түске дейін Аршалы ауданы аумағы арқылы өтетін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1395-ші шақырымында Батпақ кентінің маңында орын алған.  «Ford Tranzit» және «Lada» көліктерінің соғылуы салдарынан 3 адам орташа ауыр дене жарақатынмен Қарағанды облысының Осакаров елді мекеніндегі ауруханаға жеткізілді», - деп көрсетілген хабарламада.