Ақмола облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, үш адам жараланды

Жол апаты Астана-Петропавл тас жолының 74-ші шақырымында болды. Екі "Жигули" автокөлігі соқтығысып қалған. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында мерт болып, тағы үш адам әртүрлі жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.