Апат Петропавл -Астана автожолының 199-шақырымында шықты. "Ауди-80" автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ" жүк көлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушы, соның ішінде бір жасөспірім оқиға орнында опат болды. "Ауди" көлігінде отырған тағы екі жолаушы - 13 және 15 жастағы екі бозбала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.