Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Екатеринбург - Астана тасжолының 1325 шақырымында жол-көлік оқиғасы болған. 25-сәуірде "Тойота" жеңіл көлігі мен "МАН" жүк көлігі соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 әйел, 2 бала (аты-жөні белгісіз) оқиға болған жерде қайтыс болып, жүргізушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті