Ақмола облысында жүк пойызы бір үйір жылқыны қағып кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 25 ақпанда Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде болған.

Жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылар жүргенін көріп, шұғыл тежеуді қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, пойыз 32 жылқыны басып кетті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Осыған байланысты жүк пойызы 50 минутқа аялдады.

Бұл факті бойынша Көкшетау станциясында Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Ол малдың темір жолға шығуына жол берген. Үйірге қосылған жылқылардың иелері ауыл тұрғындары малды кезекпен жайып жүргенін түсіндірді.


Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК немесе 17 250 теңге айыппұл салынды.