Қайғылы жағдай «Газоблок-Астана» ЖШС-нің қоймасында орын алды. Темір бетон плитасын тасымалдау кезінде электрлі жүк көтергіші темір бағанға соқтығысқан. Сөйтіп, көлемі 3х6 метрлік бетон плита 1992 жылғы жұмысшы Ерболат Асановтың үстіне құлаған.
«Газоблок-Астана» ЖШС-нің өзге жұмысшылары оның денесін лезде алып шыққанымен алған ауыр жарақаттан ол сол жерде көз жұмды.