Ақмола облысында жүргізушіні балағаттаған жол-патрульдік полиция қызметкері жұмыстан қуылды


Хабарламаға сүйенсек, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар интернетке жол полицейінің көлік жүргізушісін балағаттаған видеосын орналастырған.

«ІІД басшылығы аталған фактіні тексеріп шықты. Тексеру нәтижесі бойынша сержант ішкі істер органдарынан қуылды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.