Ақмола облысында жүзден астам адам қар құрсауынан құтқарылды


Департамент мәліметіне қарағанда, Ақкөл ауданында қарлы боранда жолда қалған тоғыз адам құтқарылды.

Боранға байланысты Астана-Петропавл тас жолының 350-ші шақырымында қар құрсауында қалған бес жеңіл көлік пен жүк көлігі жүргізушілеріне көмек көрсетілді. 15 адам Алакөл ауылдық мектебіне орналастырылды.