Ақмола облысындағы ескі шахтада жасырын туннель табылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Степногор қалалық ПБ қызметкерлері Ақсу кентінің аумағында жедел-алдын алу іс–шараларын жүргізу барысында ескі шахтаға заңсыз кіруге арналған жасырын туннельді анықтады.

«Туннельдің диаметрі 1,5 және тереңдігі 8-10 метр, осы арқылы жұмыс істемейтін шахтаның төменгі қабатына түсуге болады. Полиция қызметкерлі мен «Алтыналмас АК» АҚ қызметкерлері бірігіп туннельдің жолын тапты», деді ведомстводан.