Ақмола облысындағы қиыршық тас зауытында бір жұмысшы мерт болды


ТЖД мәліметі бойынша, қайғылы жағдай Целиноград ауданының Софиевка ауылындағы «Монтаждробьсервис» ЖШС-нің қиыршық тас зауытында сәуірдің 16-ы күні кешкі сағат 18:26 шамасында орын алған. Жұмыс процессі кезінде 1988 жылғы жұмысшы О.Долгих тас үгіту қондырғысына абайсызда құлап кеткен. Ол алған дене жарақатынан аурханаға апара жатқан жерінде көз жұмды.