Ақмола облысындағы сауықтыру лагерінде 7 сынып оқушысы қайтыс болды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Анна Маликова тұрмысы төмен отбасының балаларына арналған қордың есебінен жолдамамен лагерде демалып жатқан, оның анасы үш бала тәрбиелеп отыр, жұмыссыз.

2016 жылдың 15 маусымында кешкі сағат 16.00 шамасында Анна Маликова бір топ қыздармен таза ауада ойнап жүріп, байқаусыз кіреберіс есіктің әйнегін сындырып алып, жараланады. 10 минут төңірегінде зардап шеккен қызды жедел жәрдем және лагерь қызметкерлері Ақмола облысының Щучинск қаласының ауруханасына жеткізді.    

Өкінішке орай, жедел жәрдем қызметкерлері Аннаға көмек көрсетіп үлгермей, оның қайтыс болып кеткенін анықтады. Қыздың ата-анасына бірден хабар жеткізілді.

Облыстық әкімдік пен білім басқармасы маусымның 15-інен 16-сына қараған түні Тайынша ауданынан 11 психологтан құрылған топты ұйымдастырып, лагерь балалары мен кызметкерлерге психологиялық көмек жіберді.   


Тайынша ауданында болған оқиғаға байланысты  ата-аналарға арналған сенім телефоны ұйымдастырылды. Тайынша қаласының №5 орта мектебінде 15 адамнан құрылған психилогиялық қолдау тобы ата-аналармен және қоғаммен жұмыс жасау үшін құрылды.  

Ақмола облысының ішкі істер департаментінің жедел жәрдем тобы 16 маусымның кешінен бастап лагерде жұмыс істеп жатыр.