Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
"Жол апаты бүгін шамамен таңғы сағат 10.30-да болды. Нәтижесінде екі көлік соғысып, өртеніп кетті. Көліктер тіпті нөмеріне дейін толықтай өртеніп кеткен. Әзірше жол талғамайтын көлік пен жеңіл көліктің соғысқаны белгілі. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД өкілдері. Өртеніп кеткен көліктердің маркалары жайлы нақты мәлімет жоқ, себебі екі көлік те толықтай өртенген.
Еске салайық, осыған дейін Астана-Бурабай тас жолында ірі жол апаты болып, көліктердің өртеніп кеткені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты таңғы уақытта болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан өрт шығып, екі көлік те өртеніп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Kruiser мен Toyota Previa көліктері өртенген.