Ақмола облысының әкімдігі өңірде мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыруға ниет білдіріп отыр

"Болашақта республиканың астық өсіретін облыстарын жанар-жағармай материалдарымен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін облыс аумағында мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыру жоспарланып отыр", - деді А. Рау.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып Есіл ауданында қуаты жылына 150 мың тонналық биоэтанол өндірісінің зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр.